ЖаңалықтарШоу бизнес

«Арналардан алып тастап жатыр»: Меруерт Түсіпбаева шағымын жеткізді

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желіде жазба жариялап, өзінің қара тізімде екенін айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Айтуынша, соңғы уақытта ұлттық арналардағы тележобалардан шақырту алып, бірақ көрсетілмей жатыр.

«Ана жолы Алмас Кишкенбаев, #қаратізім — де екенін жазды ғой…. Ал , мен болсам , ол туралы жар салғым келмеді, әсіресе, осы 2025-2026 жылы мені екі үлкен арналардан алып тастап жатыр #ұлттықарна және #хабар. Жақсы, мен жас әнші емеспін, дұрыс — ақ, жастар шықсын, шүкір, онсызда желіні жарып жүрмін ғой деп қиналмадым …. Бірақ, халқым-ау, шыдамның да шегі бар!! #хабар Алматыдан шақыртып алып (#черныйсписок туралы білмегендер) 5 әнімді (видеолары бар ) 8-9 оператор түсірді , қанша элекроэнергия , менің энергиямды (5-6 образ ауыстыру т б ) қанша адамның еңбегі , қанша уақыты. Содан , зым — зия жоқ !! Көрсетпеді. Одан , Таңшолпан түсірді жылдың аяғында , оны да бермеді …. Жүргізуші Берік соңғы рет сұрап жазғанда , жауап таппады ма, ұялып , оқымағандай болды….Қайсысын тізейін?! Халқым аман болсын!! Оқырмандарым аман болсын!! Жоқ дегенде Баянауылымның тарихында қаларым сөзсіз !! Р.s. Жанға бататыны қанша уақытың кетеді , түсіріп алып бермей қояды», — деп жазды әнші.

Әншіні оқырмандары қолдап жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button