Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Стоматологиялық клиника мемлекеттен миллиондарды жалған қызмет арқылы алған

Алматы облысында тегін медициналық көмек аясында көрсетілуі тиіс стоматологиялық қызметтерге қатысты алаяқтық дерегі анықталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің өңірлік департаменті хабарлады.

Тергеу мәліметінше, жеке стоматологиялық клиникалардың директоры Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен жалпы сомасы 450 млн теңгеден асатын келісімшарт жасаған.

Шарт бойынша клиникалар азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсетуге тиіс болған.

Алайда күдікті «Damumed» жүйесіне көрсетілмеген ортодонтиялық қызметтер туралы жалған мәліметтер енгізуді ұйымдастырған. Нәтижесінде пациенттерге көрсетілмеген 4 597 медициналық қызмет тіркелген.

Осының салдарынан мемлекетке келтірілген шығын 66 млн теңгені құрады.

Сот шешімімен банктік шоттардағы 23 млн теңге қаражатқа және құны 29 млн теңге болатын стоматологиялық жабдықтарға тыйым салынды. Тергеу барысында күдікті 11 млн теңгені қайтарды.

Қазір оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button