
Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен қоштасу және жерлеу рәсімдері қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бұл туралы Қазақстан жазушылар одағы жазды.
Ақынмен ресми қоштасу рәсімі 21 сәуір күні сағат 09:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді.
Қоштасу рәсімінен кейін сағат 11:30-да жерлеуі жоспарланған.
Ақынның денесі Алматыдағы «Кеңсай-2» зиратында жерленеді.
Айта кетері, бұған дейін ақынның жары Ханшайым Шаханова президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдап, Арыстанбаб кесенесінде жерлеуін сұраған еді.



