
Павлодарда өгей қызына бірнеше жыл бойы зорлық жасаған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Желіде тараған ақпарат бойынша, ол өгей қызына алғаш рет 8 жасында тиіскен.
Қылмыстық әрекетін үш жыл бойы жалғастырған.
Қлмыстық іс 13 шілдеде Павлодар облысының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотында жабық форматта қаралды.
Сотталушыға Қылмыстық Кодекстің 120-бабының 4-бөлігі «Зорлау» және бұл қылмысты бірнеше рет қайталау бойынша айып тағылды.
«Сот үкімімен сотталушы өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Ол кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық лауазымдарды өмір бойына атқару құқығынан айырылды», — делінген сот мәлімдемесінде.
Сотталушы жазасын қауіпсіздігі төтенше қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.



