Әлеумет және қоғамБасты жаңалықтарЖаңалықтар

Павлодар облысындағы разрезде жұмысшы мерт болды

Павлодар облысында көмір разрезінде болған өндірістік оқиға салдарынан 42 жастағы жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қайғылы жағдай 24 шілде күні Баянауыл ауданындағы «Майкөбен Вест» АҚ аумағында тіркелген.

Мемлекеттік еңбек инспекциясының алдын ала мәліметінше, бұрғылау-жару жұмыстары кезінде 1984 жылы туған тау-кен шебері ауыр жарақат алған.

Өкінішке қарай, ол алған жарақатынан көз жұмған.

Қазір оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы арнайы тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button