Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Көкшетауда қайғылы оқиға: Ғимарат қасбетін бөлшектеу кезінде 18 жастағы жігіт тоққа түсіп, қаза тапты

Көкшетауда Тәшенов көшесіндегі ғимараттардың бірінде қайғылы оқиға орын алды. Ғимараттың қасбетін бөлшектеу кезінде металл профиль электр желісіне тиіп кетіп, 18 жастағы жігіт оқиға орнында мерт болды. Қасында болған тағы бір жасөспірім ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция еңбек қауіпсіздігін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, ал дәрігерлер зардап шеккен жасөспірімнің жағдайы тұрақталғанын хабарлайды.

Көкшетауда ғимараттың қасбетін бөлшектеу кезінде қайғылы оқиға орын алып, 18 жастағы жігіт ток соғудан көз жұмды. Сонымен қатар тағы бір жасөспірім ауыр жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі, дейді Qandastar.kz.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 22 шілдеде Тәшенов көшесінің бойында болған. Алдын ала деректер бойынша, қасбетті сүру барысында металл профиль кездейсоқ электр беру желісіне тиіп кеткен. Соның салдарынан 2008 жылы туған жігіт өте ауыр электр жарақатын алып, оқиға орнында мерт болды. Оның жанында болған екінші кәмелетке толмаған жасөспірім де тоққа түсіп, шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы екінші зардап шеккен жасөспірімнің Көпбейінді облыстық балалар ауруханасына түскенін хабарлады. Дәрігерлердің айтуынша, ол бірнеше сағат бойы жансақтау бөлімінде мамандардың жіті бақылауында болған. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, өміріне тікелей қауіп төніп тұрған жоқ және оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Орын алған оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары еңбек қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады. Арнайы сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция өкілдері тергеу нәтижесі бойынша қатысы бар барлық тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button