Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алматыда туризм саласынан түскен салық 30,4 млрд теңгеге жетті

2026 жылдың алғашқы төрт айында Алматыдағы туризм саласы жергілікті бюджетке 30,4 млрд теңге салық түсірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға көп. Салықтың негізгі бөлігін қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану орындары, ойын-сауық нысандары, туристік компаниялар және жолаушылар тасымалы қызметтері қамтамасыз еткен.

2026 жылдың алғашқы төрт айында Алматыдағы туризм саласы жергілікті бюджетке қомақты қаржы түсірді. Қаңтар-сәуір аралығында туристік қызмет көрсететін кәсіпорындардан бюджетке 30,4 миллиард теңге көлемінде салық аударылған, дейді Qandastar.kz.

Қалалық Туризм басқармасының мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға жоғары.

Салық түсімінің басым бөлігін қоғамдық тамақтану орындары, қонақ үйлер, ойын-сауық мекемелері, туристік компаниялар және жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын кәсіпорындар қамтамасыз еткен.

Осылайша, туризм саласы Алматы экономикасының маңызды бағыттарының бірі ретінде қала бюджетінің кірісін арттыруға елеулі үлес қосып келеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button