Угандада мектеп оқушыларын тасымалдаған автобус жол апатына ұшырап, салдарынан 21 адам қаза тапты. Олардың 20-сы – оқушы, біреуі – ересек адам. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хаарлады.
Полицияның мәліметінше, оқушылар білім беру экскурсиясы аясында Сипи сарқырамасына барып, кері қайтып келе жатқан. Алдын ала ақпарат бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай, автобус жолдан шығып кетіп, жол жиегіндегі үлкен тасқа соғылғаннан кейін аударылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бірнеше адам түрлі дәрежеде жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында үш ересек адам мен бірнеше кәмелетке толмаған бала бар.
Қаза болғандардың мәйіттері сараптама жүргізу үшін мәйітханаға жеткізілді. Оқиғаның нақты себептерін анықтау мақсатында тергеу басталды.



