Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Германия министрі Трампты Иранға қарсы соғысты тоқтатуға шақырды

Германияның қаржы министрі Ларс Клингбайль АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қатысты саясатын сынады. Ол әскери қақтығысты тоқтатуға шақырып, соғыстың жанармай бағасының өсуіне әсер етіп жатқанын айтты.

Германияның қаржы министрі Ларс Клингбайль АҚШ президенті Дональд Трампты Иранға қатысты соғысты тоқтатуға шақырды. Оның сөзінше, Вашингтонның Тегеранға қарсы әскери әрекеті жауапсыз шешім болып отыр. Бұл туралы Qandastar.kz сайты «Европейская правда» басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Клингбайль бұл мәлімдемесін келесі аптада АҚШ-та өтетін G20 саммиті қарсаңында жасады. Германия министрі Ирандағы соғысты тоқтату АҚШ үшін де маңызды мәселе екенін атап өтті.

Ол жанармай бағасының өсуіне де Трамп әкімшілігінің саясаты әсер етіп отырғанын айтты. Клингбайльдің пікірінше, Иранға қарсы әскери қақтығыс нарықтағы жанармай тапшылығын күшейтіп, бағаның қымбаттауына әкелген.

Германиялық министр қазіргі геосаяси ахуалдан мұнай компаниялары да пайда тауып отырғанын атап өтті. Осыған байланысты ол Еуропа деңгейінде энергетикалық компаниялардың күтпеген жоғары табысына қосымша салық енгізуді ұсынды.

Бұған дейін АҚШ билігі Иранға қарсы бұрын-соңды болмаған экономикалық санкциялар енгізуге ниетті екенін мәлімдеген. Вашингтонның жоспары Тегеранға әскери жолмен емес, экономикалық қысым арқылы ықпал етуді көздейді.

АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессенттің айтуынша, санкциялар арқылы Иран экономикасына қысым күшейтілсе, Тегеранға қарсы ауқымды әскери операция жүргізу қажеттілігі туындамауы мүмкін.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button