Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алматылықтар метроға сыймай жатыр: 1 қыркүйектегі кадрлар желіде қызу талқыланды

Алматыда жаңа оқу жылының алғашқы күні қоғамдық көліктегі қарбалас бірден сезілді.

1 қыркүйек таңертең метрополитеннің «Бауыржан Момышұлы» станциясында жолаушылардың ұзын-сонар кезегі пайда болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан станция кіреберісінде халықтың қалың жиналғанын көруге болады. Жолаушылар пойыздарға өту үшін кезек күтіп, адам көптігінен қозғалу қиындаған.

Видео авторы кадрға әзілмен «Метро. Қош келдің, қыркүйек» деп жазған.

Кадрлар желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Бірі жолаушылар санының күрт артқанын айтса, енді бірі алда метроның жаңа станциялары іске қосылғанда жағдай қалай болатынына алаңдаған.

Алматы метросы қазір 06:20-дан 00:00-ге дейін жұмыс істейді. «Бауыржан Момышұлы» станциясынан пойыздар тұрақты қатынайды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button