Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапарын аяқтаған Лаос Президенті Тхонглун Сисулитті Астана әуежайынан шығарып салды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Ақордаға сілтеп хабарлады.
Лаос Президентінің Қазақстанға сапары аясында екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанға ресми сапармен келген Лаос Президенті Тхонглун Сисулитті Ақордада салтанатты қарсы алу рәсімі өткенін жазған едік. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылаған.



