Қостанай қаласындағы Ш. Жәнібек көшесінде орналасқан ЖШС аумағында қойма өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, дейді Qandastar.kz.
Нақтыланған мәліметке сәйкес, қоймада күнбағыс майы мен күнбағыс тұқымы сақталған. Өртті оқшаулауға ТЖМ күштері жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.



