Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Азық-түлік дүкеніндегі дау төбелеске ұласты: бір адам ауруханаға түсті

Алматының Түрксіб ауданында азық-түлік дүкендерінің біріндегі жанжал төбелеске ұласып, бір адам жарақат алды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға орнында екі ағайынды мен дүкен қызметкері арасында дау туындаған. Жанжалдың нақты неден басталғаны әзірге белгісіз. Кейін сөзге келіспеушілік төбелеске ұласқан.

Төбелес кезінде қатысушылардың бірі кеуде тұсынан үшкір затпен жараланған. Оған оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Полиция қызметкерлері жанжалға қатысқан адамдарды ұстап, бөлімшеге жеткізді.

Қазір осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары жанжалдың барлық мән-жайын анықтап, әр адамның әрекетіне құқықтық баға бермек.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button