Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Басып озамын деп: Астана-Қарағанды тасжолында адам қаза тапты (ВИДЕО)

Астана — Қарағанды — Алматы тасжолында болған жантүршігерлік жол апатын жасанды интеллект элементтері бар камералар тіркеп қалды.

Оқиға жолдың 51-шақырымында болған, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Кадрлардан Астанаға қарай келе жатқан Mercedes жүргізушісі басып озуға әрекет жасағаны көрінеді.

Осы сәтте көлік сол бағытта қозғалып келе жатқан «Газельмен» соқтығысқан.

Соққыдан «Газельдің» жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып кеткен. Автокөлік жол жиегіне аударылған.

Апат салдарынан бір адам қаза тапты. Оқиғаның нақты қалай болғанын және оған кімнің кінәлі екенін қазір құзырлы органдар анықтап жатыр.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге жолдағы жылдамдықты сақтап, басып озу кезінде аса мұқият болуды ескертті.

Жолдағы бір ғана қауіпті маневрдің салдары орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button