Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алматыда 40 жастағы әйелдің өлімі бойынша тергеу басталды

Алматының Алмалы ауданында әйел тоғызыншы қабаттан құлап, қаза тапты. Полиция пәтерден тергеуге маңызды заттар мен жазба табылғанын хабарлап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Алматыда 40 жастағы әйелдің қаза болуына байланысты полиция тергеу бастады, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат агенттігі.

Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, әйел өзі тұратын тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан құлап кеткен. Қазіргі уақытта оның өліміне қатысты барлық мән-жай анықталып жатыр.

Тергеу-жедел тобы пәтерді тексеру барысында іске маңызды заттарды тапқан. Олардың қатарында мазмұны зерттеліп жатқан жазба да бар.

Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтап, қайғылы жағдайға себеп болуы мүмкін факторларды, марқұмның өмір салтын, байланыс жасаған адамдарын және басқа да деректерді тексеріп жатыр.

Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button