2026 жылдың алғашқы төрт айында Алматыдағы туризм саласы жергілікті бюджетке қомақты қаржы түсірді. Қаңтар-сәуір аралығында туристік қызмет көрсететін кәсіпорындардан бюджетке 30,4 миллиард теңге көлемінде салық аударылған, дейді Qandastar.kz.
Қалалық Туризм басқармасының мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға жоғары.
Салық түсімінің басым бөлігін қоғамдық тамақтану орындары, қонақ үйлер, ойын-сауық мекемелері, туристік компаниялар және жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын кәсіпорындар қамтамасыз еткен.
Осылайша, туризм саласы Алматы экономикасының маңызды бағыттарының бірі ретінде қала бюджетінің кірісін арттыруға елеулі үлес қосып келеді.



