Әлеумет және қоғамБасты жаңалықтарЖаңалықтар

Алматыда жалын шарпыған үйден ауыр халдегі ер адам табылды

Алматыдағы өрттен бір адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы «Достық» ықшам ауданында уақытша тұрғын үйден өрт шықты. Тілсіз жау шамамен 100 шаршы метр аумақты шарпыған.

Төтенше жағдай орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынды қысқа уақытта оқшаулап, оның көрші ғимараттарға таралуына жол бермеді.

Өрт толықтай сөндірілді.

Қауіпсіздік мақсатында полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алып, маңайдағы тұрғындарды уақытша эвакуациялаған.

Өртті сөндіру кезінде үй ішінен ер адам табылып, ауыр күйікпен ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол оқиға кезінде алкогольдік ішімдік ішкен болуы мүмкін.

Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Оқиғаның барлық мән-жайын тексеру үшін өрт қауіпсіздігі бойынша тергеу басталды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button