Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Бір күнде үш ауданда өрт шықты: тілсіз жау 38 гектарды шарпыды

Ақмола облысында бір күнде үш ауданда құрғақ шөп өртеніп, жалын 38 гектардан астам аумақты шарпыды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Өрт ошақтары Есіл ауданындағы Курское ауылы, Целиноград ауданындағы Шалқар ауылы және Ақкөл ауданындағы Новорыбинка ауылының маңында тіркелген.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі, жергілікті әкімдіктер мен бірқатар ұйымдардың мамандары жұмылдырылып, өрт толықтай сөндірілді.

Абырой болғанда, жалын елді мекендерге жетпей тоқтатылып, тұрғындарға қауіп төнген жоқ.

Мамандар тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және құрғақ шөпті әдейі өртемеуге шақырды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button