Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алматыдағы демалыс аймағында жарылыс болып, ірі өрт шықты

Алматыдағы бассейні бар демалыс орындарының бірінде қатты жарылыс болып, артынан өрт басталды. Куәгерлер түсірген бейнежазбадан демалушылардың, соның ішінде балалы отбасылардың үрейленіп, аумақтан шұғыл қашып шыққанын көруге болады. Кешен үстінен қою қара түтін көтеріліп, оқиға орнына шұғыл қызметтер жұмылдырылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Жарылыс пен өрттің шығу себебі анықталуда.

14 шілде күні Алматы қаласындағы танымал демалыс орындарының бірінде қатты жарылыс дауысы естіліп, арты ірі өртке ұласты, дейді Qandastar.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбалардан ғимарат маңында демалып жатқан адамдардың жарылыстан кейін үрейлене қашқанын көруге болады. Шомылу киіміндегі демалушылар мен балалар оқиға орнынан шұғыл түрде эвакуацияланды. Кейбір ер азаматтар автотұрақта тұрған көліктерін қауіпсіз жерге айдап шығуға тырысқан.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыстан кейін «Қонақ үй», «Караоке» және бассейн аймағы орналасқан кешеннің шатырынан қою қара түтін көтеріліп, ғимаратты жалын шарпыған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен шұғыл көмек көрсету жасақтары жетті.

Қазіргі уақытта жарылыстың нақты неден болғаны және зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда. Өрт сөндіру бригадалары тілсіз жауды ауыздықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button