Денсаулық

Кедей немесе бай: кімдердің онкологиялық ауруға шалдығу қаупі жоғары?

Фото: adresnie-tablichki.ru
Әлеуметтің қай санатының онкологиялық ауруға шалдығу қаупі жоғары? Бұл сұрақтың жауабын финляндиялық ғалымдар іздеп көрді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ғалымдар жүргізген зерттеулер қатерлі ісіктің дамуы адамның жынысы мен жасына ғана емес, әлеуметтік-экономикалық жағдайына да байланысты екенін растайды. SNWS басылымының мәліметінше, бірқатар аурудың пайда болуы табыс деңгейімен байланысты.

Финляндия сарапшылары 35 пен 80 жас аралығындағы 280 мың адамның деректерін талдады.

Әлеуметтік-экономикалық жағдайы жоғары адамдарда сүт безі, простата және онкологияның басқа түрлерінің даму қаупі жоғары екені анықталды.

Алайда, бұл табысы төмен адамдардың дені сау болады дегенді білдірмейді, олар қант диабеті, артрит, депрессия, алкоголизм және өкпе қатерлі ісігіне көп шалдығады.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close