Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қоқысқа тасталған мәйіт: Екібастұздағы қанды қылмыс тергеліп жатыр

Екібастұз қаласында тұрғындарды есеңгіреткен ауыр қылмыс тіркелді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қоқыс жәшігінен әйелдің бөлшектелген денесі салынған бірнеше қап табылғаны туралы ақпарат тарады.

Полиция бұл дерек бойынша адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

Күдікті анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір тергеушілер қылмыстың барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сондай-ақ қайғылы оқиғаға не себеп болғаны тергеу барысында белгілі болады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button