Әлеумет және қоғамБасты жаңалықтарЖаңалықтар

Жамбыл облысында пойыз қаққан әйел жансақтау бөлімінде жатыр

Жамбыл облысының Шу қаласында 46 жастағы әйелді пойыз басып кетті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қазір оның жағдайы өте ауыр.

Оқиға 20 шілде күні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел темір жолды кесіп өтпек болған кезде пойыздың астына түскен.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жұлыны толық зақымданған, кеуде омыртқасы сынған, бірнеше қабырғасы сынып, оң жақ өкпе қуысына қан кеткен. Сондай-ақ ауыр жарақат салдарынан травматикалық шок алған.

Осы оқиғаға байланысты Шу станциясындағы көліктегі полиция бөлімі теміржол көлігінің қозғалысы мен пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button