
Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы Жоламан ауылында орналасқан «Aqtogai Milk» ЖШС аумағында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, кәріз құдығында жүргізілген жұмыстар кезінде алты адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.
Дәрігерлер оқиға орнында 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адамның қайтыс болғанын растады.
Ал 1988 жылы туған ер адам көмірқышқыл газынан орташа дәрежеде уланып, Ақтоғай аудандық ауруханасына жатқызылды.
Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай кәріз құдығындағы электр сорғысының ақауын жөндеу кезінде болған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.



