Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Президент Қатарға барды: Тоқаев шейх Хамадтың еңбегін ерекше атап өтті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дохаға барып, Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Мемлекет басшысы Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің дүниеден озуына байланысты көңіл айтып, оның Қатардың дамуына және қазақ-қатар достығының нығаюына қосқан үлесін жоғары бағалады.

Президент шейх Хамадтың Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуда ерекше рөл атқарғанын, сондай-ақ оның қолдауымен Астанада әл-Фараби мешіті салынып, ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асқанын еске салды.

«Ол көрнекті мемлекет қайраткері әрі қазақ халқының досы еді. Осындай қаралы сәтте Алла Тағаладан марқұмның жаны жәннатта болуын сұрап, дұға етеміз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу барысында Қатар Әмірі көрсетілген қолдау үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, мұны екі ел халықтарының бауырластық байланысының айқын көрінісі екенін жеткізді.

Тараптар сондай-ақ халықаралық күн тәртібін, оның ішінде Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайды талқылады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бұл шақыруды ықыласпен қабыл алды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button