Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Жетісуда қатты желден құлаған ағаш көлікті басып қалды: жүргізуші ауруханаға түсті (ВИДЕО)

Жетісу облысында қатты желдің салдарынан жолға құлаған ағаш жол-көлік оқиғасына себеп болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға 21 шілде күні Қарабұлақ–Текелі автожолындағы «Өмір бұлақ» маңында болған. Қатты желден құлаған ағашты айналып үлгермеген Toyota Camry көлігі оған соқтығысқан.

Көлік ішінде бес адам болған. Апат салдарынан жүргізуші Ескелді аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметінше, оның жағдайы тұрақты. Жолаушылардың ешқайсысы көлікте қысылып қалмаған.

Оқиға орнына жеткен Жетісу облысы ТЖД қызметкерлері ағаштың бұтақтарын кесіп, жолдың жүру бөлігін тазартты. Соның арқасында көлік қозғалысы қауіпсіз түрде қайта ұйымдастырылды.

Төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерге қатты жел кезінде жолда ерекше сақ болып, қауіпсіз жылдамдықты сақтауға және ауа райы жағдайын ескеруге шақырды.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button