Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Клиенттердің көлігін сатып, ақшасын өзі жұмсаған менеджер түрмеге қамалды

Елордада автосалонда сату жөніндегі менеджер болып жұмыс істеген ер адам екі автокөлікті алаяқтық жолмен иемденгені үшін сотталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Тергеу мәліметінше, қала тұрғындары өздерінің Changan CS55 Plus және Toyota Camry көліктерін сату үшін автосалонға тапсырған. Күдікті сатып алушы табылғанын айтып, ақша бірнеше күн ішінде аударылады деп сендіріп, көліктерді үшінші адамның атына рәсімдеткен.

Алайда көліктер сатылғаннан кейін түскен қаражатты иелеріне бермей, өз қажетіне жұмсаған. Соның салдарынан жәбірленушілерге жалпы 23 миллион теңге материалдық шығын келтірілген.

Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан. Нәтижесінде оған 3 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ сот жәбірленушілердің келтірілген шығынды өндіріп беру туралы талаптарын қанағаттандырды. Үкім заңды күшіне енді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button