Жаңалықтар

«Әділдік және өркендеу» қоры медицина қызметкерлерінің еңбек құқығын қорғамақ

Фото: ашық дереккөз

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорына «Аңсар медициналық компаниясы» ЖШС бұрынғы қызметкерлері хабарласты. Олар қордан еңбек құқықтарын қорғауды сұраған, – деп жазады qandastar.kz

 Дәрігер, мейірбике, санитар, барлығы 17 қызметкер бұрынғы жұмыс беруші Данияр Құдабеков “еңбекақымызды жеп қойды” деп шағымданды. Оның қызметкерлер алдындағы қарызы 1 миллионға жеткен.

«Одан бөлек, 2023 жылдың мамыр айынан бері жұмыс беруші біздің зейнетақы төлемдерімізді аудармаған. Күтіп сабырымыз сарқылды, сол үшін Қордың көмегіне жүгініп отырмыз», – дейді медбике Салия Жүсіпова.

  Санитар Қалдыгүл Жұмадуллаева да еңбекақысын айлап алмаған. Сома қомақтыкейбірінің ала алмац жүрген ақшасы 1 миллионға жуық.

«Мұндай жағдайда заң қызметкерлер жағында, сондықтан олар бұл істе жеңеді. Әрбір жұмыскерге осындай жағдайда шыдап отырмай, мәселені бірден заң бойынша шешуге тырысуға кеңес беремін», –дейді «Әділдік және өркендеу» қорының заңгері Дархан Құлжамбеков.

Еңбек құқығы тапталған қызметкерлер «Аңсар медициналық компаниясы» ЖШС үстінен арыз жазды. Бұл істе «Әділдік және өркендеу» қоры оларға тегін заңгерліқ қолдау көрсететін болады.


Айта кетейік, «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры еңбек адамының құқығын қорғап, заңгер кеңесін тегін көрсетеді. Қордың Қазақстанның барлық аймағында өкілдігі бар, жеті облыста қоғамдық қабылдауы жұмыс істеп тұр.  

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close