Жаңалықтар

Ертең Мәжілістің жалпы отырысы өтеді

Фото: ашық дереккөз

27 қараша сағат 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді, деп жазады qandastar.kz

Депутаттар Су кодексінің жобасын және су ресурстарын қорғау мен пайдалану мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда, есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес туралы заң жобасын екінші оқылымда қарайды. Сондай-ақ «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға енгізілетін түзетулерді, Азия Даму банкімен, Азия Инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен және Халықаралық қайта құру және Даму банкімен қарыз туралы үш келісімді ратификациялау жобалары талқыланады.

Сонымен қатар «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға Парламент Сенаты ұсынған жаңа редакцияны қарайды. Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдайды. Олар: 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы; Қазақстан Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігі Үкіметі арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы; Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Қазақстан аумағының Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жағатын жылу электр орталықтарын салу жобалары жөніндегі келісімді ратификациялау туралы; Қазақстан мен Кипр арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close