Жаңалықтар

Түркістан облысының басшысы Әзімбек Пазылбекұлы қала әкімі қызметіне ауысты

Фото: gov.kz

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Әзімбек Пазылбекұлының қала әкімі болып тағайындалу себебін түсіндірді, деп жазады qandastar.kz

«Пазылбекұлын бұл қызметке олардың туысы болғандықтан шақырмадық. Шынымды айтсам, Сапарбаев-Нәлібаевтар әулетінің туысы екенін де білмедім. Тегі басқа болды. Біз іздеген кезде лауазымға сай азаматты іздедік. Себебі Түркістан қаласында инфрақұрылым, тұрғын үй, электрлендіру және кәріз жүйелерінде бірқатар мәселелер бар. Жобалар жетерлік, бірақ 10%-ы ғана қаржылық қолдау табады. Қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді. Сондықтан бізге орталық мемлекеттік органдармен жұмыс жасауды білетін адам керек болды. Әзімбек Пазылбекұлы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде 10 жылдан астам жұмыс істеген. Ал осы комитетті бір жылға жуық басқарды”, – деді облыс әкімі.

Дархан Сатыбалды жаңадан тағайындалған әкімнің облысқа, қалаға пайдасын тигізетініне сенім білдірді.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close