Жаңалықтар

Қарағандыда мемлекеттік кірістер департаменті басқарма басшылары сотталды

Фото: ашық дереккөз

Қарағанды қаласында облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының басшылары М. Ақбиев, Б. Мұқашев, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызмет субъектілері А. Балацкая, Х. Бекишев, Н. Бекшин және И. Андриенко сотталды, деп жазды  qandastar.kz

turkystan.kz хабарлағандай,  Бас прокуратураның ақпаратынша, лауазымды тұлғалар кедендік бақылау саласындағы жол берілген бұзушылықтар бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны үшін кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

«Ақбиев пен Мұқашевке тиісінше 21,7 млн теңге және 2,5 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Осы үкіммен пара берушілер А. Балацкая, Х. Бекишев, Н. Бекшин және И. Андриенко 540 мыңнан 3 млн теңгеге дейінгі айыппұлдарға сотталды.

Сонымен қатар, сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынады», – делінген хабарламада.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close