Қарағандылық Анара Мұрақызы танымал әнші Ерке Есмаханға ұқсастығының арқасында әлеуметтік желіде бірден көпшіліктің назарын өзіне аударды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Еуразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Пайдаланушылар оны «Еркенің сыңары» деп атап үлгерген.
Анара Мұрақызының өзі сахнаға шығуды мақсат етпесе де, ән айтуды және биді ерекше жақсы көретінін айтады. Ол – әлеуметтік көмек көрсету саласында қызмет ететін маман.
Қылықты мінезі мен табиғи талантын ерекше атап өткен желі қолданушылары оның видеоларын кеңінен бөлісіп, пікір қалдыруда.
Кей пікір жазушылар «Мәселе аумағында емес, бірінші қарағанда ұқсайды», «Ұқсастық бар сияқты» десе, басқа қолданушылар «Еркенің семіріп кеткен түрі», «Дым ұқсамайды» деп қарсы ойларын қалдырған.



