Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Таяу Шығыстағы ахуал: Медина және Жидда бағытына төрт арнайы рейс жоспарланып отыр

Air Astana әуекомпаниясы Сауд Арабиясының Медина және Жидда қалаларына репатриациялық рейстер орындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Сауд Арабиясы Корольдігі мен Мысыр Араб Республикасының авиациялық органдарынан тиісті рұқсат алынған жағдайда, 2026 жылғы 3 наурыз күні Батыс Қазақстаннан Медина қаласына және кері бағытта екі рейс, сондай-ақ Жидда қаласына және кері бағытта тағы екі рейс ұйымдастыру көзделуде.

Жолаушыларды тасымалдау бұрын сатып алынған билеттер негізінде жүзеге асырылады.

Компания жаңа билеттер сатылмайтынын нақтылады.

Авиациялық билік органдары жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Құзырлы құрылымдар рейстердің орындалуына қажетті жан-жақты қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұл шара шетелде жүрген қазақстандықтардың елге қауіпсіз оралуын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынуда.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button