Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Ақтөбеде құтқарушылар темір қоршауға қысылған бүлдіршінді аман алып шықты

Ақтөбе қаласының Қарғалы тұрғын алабында ойын кезінде басы темір қоршаудың арасына қысылып қалған екі жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен қоршаудың темір шыбықтарын абайлап ажыратып, бүлдіршінді қауіпсіз түрде босатып алды.

Белгілі болғандай, 2023 жылы туған бала баспалдақ маңында ойнап жүріп, басын қоршаудың арасына тығып алған. Өздігінен шыға алмағандықтан, жақындары құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

Абырой болғанда, бала ешқандай жарақат алған жоқ. Құтқару операциясынан кейін ол ата-анасына табысталды.

Осыған байланысты ТЖМ ата-аналарды кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға және баспалдақ, балкон сияқты қауіпті орындарда олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button