Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Аргентина Англияны соңғы минуттарда жеңіп, әлем чемпионатының финалына өтті

Аргентина құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалында Англияны 2:1 есебімен жеңіп, финалға шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Кездесудің алғашқы таймында екі команда да есеп аша алмады.

Ал екінші таймның 55-минутында Англия сапынан Энтони Гордон мергендік танытып, командасын алға шығарды.

Аргентина ойынның соңына қарай қарқынын күшейтті.

85-минутта Энцо Фернандес алыстан дәл соққы жасап, таразы басын теңестірді. Ал негізгі уақытқа қосылған 90+2 минутта Лионель Мессидің нәтижелі пасынан кейін Лаутаро Мартинес баспен гол соғып, аргентиналықтарға жеңіс сыйлады.

Осылайша Аргентина әлем чемпионатының финалына жолдама алып, шешуші кездесуде Испания құрамасымен кездеседі. Финал 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де өтеді.

Ал Англия құрамасы үшінші орын үшін Франциямен ойнайды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button