Әлеумет және қоғамБасты жаңалықтарЖаңалықтар

Қазақстанда қай қала тұрғындарының қарызы ең көп

Қазақстанда банктер алдындағы ең үлкен қарыз Алматы тұрғындарына тиесілі, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық банктің 2026 жылғы 1 шілдедегі мәліметіне сәйкес, алматылықтардың жалпы берешегі 7,638 трлн теңгеге жеткен.

Қарыз көлемі бойынша екінші орында Астана тұр. Елорда тұрғындарының банктер алдындағы берешегі 4,236 трлн теңгені құрайды. Ал Шымкент 2,05 трлн теңгемен үшінші орынға жайғасты.

Өңірлер арасында ең жоғары несие портфелі Қарағанды облысында тіркелді – 1,39 трлн теңге. Одан кейін Ақтөбе облысы (1,01 трлн теңге), Маңғыстау облысы (861,9 млрд теңге) және Жамбыл облысы (830,8 млрд теңге) келеді. Ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысында – 204,2 млрд теңге.

Ұлттық банк дерегінше, қазақстандықтардың қарызының басым бөлігін тұтынушылық несиелер құрайды – 17,32 трлн теңге.

Ипотекалық несиелер көлемі 7,45 трлн теңгеге, ал өзге мақсаттағы несиелер 1,08 трлн теңгеге жуықтаған.

Алматыда тұтынушылық несие көлемі 5,39 трлн теңгеден, ипотекалық қарыз 1,96 трлн теңгеден асты.

Ал ипотекалық несие көлемі бойынша Астана көш бастап, көрсеткіш 2,19 трлн теңгеге жеткен.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button