Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Науқасты қабылдамай қойған: Оралдағы аурухана 4 млн теңге өтемақы төлейді

Оралда аурухана марқұмның туысына 4 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Орал қаласының тұрғыны әкесінің қайтыс болуына байланысты ауруханадан моральдық шығын ретінде 4 миллион теңге өндіріп алды.

Іс материалдарына сәйкес, 58 жастағы ер адам бірнеше рет медициналық көмекке жүгінген. Алайда дәрігерлер оны мас күйінде деп болжап, толық тексеруден өткізбеген. Сондай-ақ оның ағзасындағы алкоголь мөлшеріне сараптама жасалмаған.

Кейін Денсаулық сақтау басқармасының call-орталығына шағым түскеннен кейін ғана науқасқа ишемиялық инсульт диагнозы қойылып, терапия бөліміне жатқызылған. Бірақ ем кеш басталғандықтан, ер адам келесі күні жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Марқұмның ұлы алғашында полицияға арыз бергенімен, қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталмағандықтан іс тоқтатылған. Кейін медициналық және фармацевтикалық бақылау органдары жүргізген тексеріс барысында науқасқа медициналық көмек көрсету кезінде бірқатар заңбұзушылық анықталған.

Осыдан кейін азамат сотқа жүгінді. Сот талапты ішінара қанағаттандырып, аурухананы талапкердің пайдасына 4 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button