Әлеумет және қоғамБасты жаңалықтарЖаңалықтар

Қытайдағы жер сілкінісі Алматыда 2 балл болып сезілді

2026 жылғы 29 шілдеде Астана уақытымен сағат 11:09-да Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» хабарлады.

Мәліметке сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан. Эпицентр координаттары – солтүстік ендіктің 41.357° және шығыс бойлықтың 78.778°.

Жерасты дүмпуі Алматы қаласында 2 балл көлемінде сезілген.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Тиісті қызметтер жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button