Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қарағандыдағы көпбейінді аурухана аумағында өрт шықты

Қарағандыдағы көпбейінді аурухана аумағында өрт шығып, 20 пациент қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға Мұқанов көшесінде орналасқан аурухана аумағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жиналып тұрған макулатура өртеніп, жалын бес қабатты ғимаратқа жалғасып тұрған бір қабатты кіреберістің ағаш шатырына өткен.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары келді. Аурухана әкімшілігімен бірлесіп, қауіпсіздік үшін 20 пациент көршілес блокқа ауыстырылды.

Құтқарушылар өртті 25 шаршы метр аумақта толық сөндірді. Жедел әрекеттің арқасында жалынның аурухананың негізгі ғимаратына әрі қарай таралуына жол берілмеді.

Өрттен зардап шеккендер жоқ. Қазір оның шығу себебі анықталып жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button