
Қостанайда теміржол аумағында болған 13 жастағы жасөспірім электр тогынан зардап шекті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, бала Рудныйдан достарымен бірге Қостанайға келген.
Жасөспірімдер теміржол жолдары орналасқан аумақта жүрген. Сол жерде оқушыны электр тогы соққан.
Зардап шеккен балаға медициналық көмек көрсетіліп, ол ауруханаға жеткізілген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жасөспірімнің жағдайы ауыр. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр және дәрігерлер қажетті ем-домды жүргізіп жатыр.
Оқиғаның нақты мән-жайы анықталуда.



