Елордада 27 жастағы әйел көпқабатты тұрғын үйдің 15-қабатынан секіріп, қаза тапты. Құлау кезінде ол балалар арбасында отырған екі жасар балаға түскен. Салдарынан бала да көз жұмды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға тұрғын үйдің 15-қабатында болған. Полицияның хабарлауынша, әйелдің құлауы салдарынан екі жасар бала ауыр жарақат алған.
«Құлаған кезде екі жасар бала отырған балалар арбасының үстіне түскен. Алған жарақаттарының салдарынан бала көз жұмды. Әйел де қаза тапты», – деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, тиісті тексеру жүргізіп жатыр. Әйелдің қайтыс болар алдында түсірген видеосы да әлеуметтік желіде тараған.

