Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

СҚО-да өрт сөндіргішті қолдануды үйрететін ерекше акция өтті

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындарға өрт сөндіргішті дұрыс пайдалануды үйрететін профилактикалық акция ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысушылар практикалық сабақтан бөлек, тегін сусын алуға арналған билетке ие болды.

Солтүстік Қазақстан облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері тұрғындарға өрт сөндіргішті дұрыс пайдалануды үйрететін профилактикалық акция өткізді. Іс-шараға қатысқандарға Петропавлдағы танымал кафе желілерінің бірінен тегін сусын алуға мүмкіндік беретін билет табысталды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты ТЖМ-не сілтеп хабарлады.

Акцияға ересектермен қатар балалар да қатысты. Көпшілік алғаш рет өрт сөндіргішті пайдаланып көріп, оны қолданудың аса қиын емес екеніне көз жеткізді.

Сонымен қатар ТЖМ қызметкерлері тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері туралы түсіндірді. Мамандар өрт болған жағдайда қалай әрекет ету керектігін, қандай нөмірге хабарласу қажет екенін және өрт туралы хабарлағыштардың маңызын айтып берді.

Сондай-ақ мамандар хабарлағыштардың түрлеріне тоқталып, үй жағдайында қай түрін орнатқан дұрыс екенін түсіндірді.

ТЖМ өкілдерінің айтуынша, мұндай профилактикалық іс-шаралар тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттырып, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button