Әлеумет және қоғамБасты жаңалықтарЖаңалықтар

КҚК-дегі үзіліс теңгеге әсер ете ме? Сүлейменов жауап берді

Каспий құбыр консорциумы арқылы қазақстандық мұнайды танкерлерге тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылғаннан кейін жұртшылық арасында теңге бағамына қатысты алаңдаушылық күшейді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл мәселеге Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жауап берді.

Оның айтуынша, қазіргі жағдай ұлттық валюта бағамына айтарлықтай қысым түсірмейді. Себебі теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін қажетті құралдар бар.

«Біздіңше, теңге бағамы қатты құбылмайды. Оған қарсы әрекет ету шараларының біртұтас кешені бар бізде. Алтын-валюта қорымыз бар, тағысын тағы. Сондықтан нарықтық емес құбылу кезінде біз теңге бағамын тұрақты деңгейде ұстай аламыз», – деді Тимур Сүлейменов Астанада өткен брифингте.

Айта кетері, бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button