Жаңалықтар

Президент пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы соңғы 30 жылда Қазақстан мен Словенияның өзара құрметке негізделген берік саяси-дипломатиялық байланыс орнатқанын атап өтті, деп хабарлайды qandastar.kz

Президенттің айтуынша, кешегі келіссөздер барысында тараптар қос халықтың игілігі үшін экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады.

– Қазақстан – аймақтағы экономикасы қарқынды өсіп келе жатқан ірі елдердің санатында. Былтыр еліміздің экономикалық өсімі 4,8 пайыз деңгейінде болды. Бұл болжанған жаһандық өсімнен 1,5 есе жоғары. Ішкі жалпы өнім көлемі 288 миллиард долларға жетті. Біз ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыра отырып, осы даму көрсеткішін сақтауға ниеттіміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close