Жаңалықтар

Қазақстанға АЭС керек пе: Жасанды интеллект жауап берді

Фото: uatom.org

Елдегі қызу талқы АЭС-тің төңірегінде. Тақырып айналасында фейсбук желісінің қолданушысы Ернар Сейтахмет қызықты пікірімен бөлісті, – деп хабарлайды qandastar.kz.

«Жасанды интеллектіге «Қазақстанға АЭС керек пе?» деп сұрадым. GPT 3 нәрсені айтты:

  1. Елде энергияны тұтына өсіп келеді. Станцияны салу арқылы энергетикалық тәуелділіктен арылады және көмірқышқыл газының бөлінуі азаяды.
  2. АЭС салу мен оның жұмысы үлкен инвестицияны талап етеді. Сондай-ақ, радиациялық қауіпсіздік мәселесін ескеру керек.
  3. Қоғам, үкімет болып талқылау керек деді», – деп жазды ол.

ЖИ АЭС салуды барынша қауіпсіз ету жолын да нұсқаған. Халықаралық қауіпсіздік стандарттарына тоқтала келе ол МАГАТЭ мен басқа да әлемдік ұйымдар жасаған қауіпсіздік стандарттарына назар аудару маңызын меңзеген.

АЭС локациясының да рөлі зор, яғни су ресурстары жақын, адамдардың шоғырланған жерден алыс және табиғи апат орын алу ықтималдығы төмен болу керек.  Бұл технологиялар автоматты түрде реакторды салқындата алады.

Қатаң бақылау күн тәртібінен шықпауы тиіс. Қауіпсіздік нормаларын тұрақты бақылайтын тәуелсіз орган болуы керек.

Ең бастысы, төтенше жағдайлардағы жылдам жауап беретін, ядролық қалдықтарды басқару жүйесі ауадай керек. «Осы пунктер сақталатын болса ғана қоғамның сенімі орын алады» дейді жасанды интеллект.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close