Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Шетелдік азаматтарды азаптаған полицейлер сотталды

Фото: ашық дереккөз

Алматы облысында лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған алты полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды qandastar.kz 

Алматы облысы Қарасай аудандық соты қызметі мәлім еткендей, 2022 жылдың қаңтарында 44 жәбірленуші, оның ішінде Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары полиция басқармасының арнайы қабылдағышына орналастырылды.

– Сотталушылар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, заңға қайшы әрекеттер жасады, нәтижесінде зардап шеккендер азапталды, – деп хабарлады Қарасай аудандық сотының баспасөз қызметі.

Прокурор судьядан сотталушыларды кінәлі деп танып, оларды 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Ал қорғаушы тарап сотталушыларды ақтауды сұрады.

Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, сотта расталған және зерттелген басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденді.

– Сот үкімімен 6 полиция қызметкері 146-баптың 1-бөлігінде (2023 жылғы 17 наурызға дейін редакцияда) және ҚК-нің 362-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды, қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша ҚК-нің 58-бабы 2-бөлігіне сәйкес әрқайсысына 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген хабарламада.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close