Жаңалықтар

Қазақстанда әкімдер мектебі құрылмақ

Фото: ашық дереккөз
Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қаңтарда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында жергілікті әкімдердің біліктілігін арттыру туралы айтты, деп хабарлайды qandastar.kz

Мемлекет басшысы әкімдерді тікелей сайлауды енгізу мемлекеттік қызметшілердің жаңа санаты – сайланатын басшылар санатының пайда болуына әкелгенін атап өтті. Бұл 2,5 мыңнан астам менеджер.

«Олардың арасында бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген азаматтар, соның ішінде жастар көп. Сол себепті сайланған әкімдер мен түрлі деңгейдегі басшыларды кешенді дайындықтан өткізу мәселесі өте өзекті болып тұр. Үкіметке Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, «Әкімдер мектебі» оқыту жобасын іске қосуды тапсырамын. Бұл ретте осындай жұмысты жүргізіп жатқан «Аmanat» партиясының тәжірибесін ескерген жөн», – деді Президент.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close