Жаңалықтар

Қазақстанда азаматтық қорғау қызметкерлерінің мәртебесі көтеріледі

Фото: Арман Ахатов

Қазақстанда азаматтық қорғау қызметкерлерінің мәртебесі көтеріледі, деп жазады qandastar.kz

Мәжіліс депутаттары азаматтық қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Ұсынылып отырған нормалар азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін арттыруға, адам көп жиналатын объектілерді пайдалануға қабылдау кезіндегі өрт қауіпсіздігін бақылауды жаңартуға бағытталған.

Сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілерді жаңарту және техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу, сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету нормалары қарастырылған. Жоба Мәжіліске 2023 жылдың қазан айында түсті. Жұмыс тобының 19 отырысы өтіп, негізгі 10 мәселені шешуге бағытталған 4 кодекс пен 17 заңға түзетулер енгізіледі. Жобада азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің мәртебесін және азаматтық қорғау органдарында қызмет ету тәртібін құқықтық деңгейде белгілеу ұсынылады.

Заң жобасын қабылдау қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартуға, төтенше жағдайларға дайындықты арттыруға ықпал етеді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close