Жаңалықтар

Павлодарлық жастар Жеңіс саябағындағы биімен сынға қалды

Фото: скрин

Жасөспірім қыздардың видеосы kerek Telegram-арнасында жарияланған.

Павлодарда Жеңіс саябағында орынсыз билеп, видеоға түскен жасөспірім қыздарды полиция ата-аналарымен бірге бөлімшеге жеткізді, деп хабарлайды qandastar.kz ақпарат порталы.

Жасөспірім қыздардың видеосы kerek Telegram-арнасында жарияланған.

Жағдайға байланысты Павлодар облысы полиция департаменті пікір білдірді.

«Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді. Заңсыз әрекеттері үшін кәмелетке толмағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close