Жаңалықтар
Баянауылда демалуға келгендер көлікпен жолда аударылып қалды

Павлодар облысында демалыс аймағына бара жатқан «Hyundai Tucson» жүргізушісі серпантин жолда рөлге ие бола алмай, көлігін кюветке аударып алды, деп жазды Qandastar.kz.
Оқиға 16 шілде күні Баянауылдағы Жасыбай демалыс орнында болды.
Апат салдарынан жүргізуші мен қасындағы жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.