Қазақстанда жеңіл автонесие бағдарламасы қайта іске қосылады, деп жазды qandastar.kz
Үкімет жеңіл автокөлік сатып алуға арналған жеңілдетілген несие бағдарламасын қайта жалғастыратынын мәлімдеді.
Мәліметке сәйкес, отандық автоөндірушілер мен екінші деңгейлі банктер халыққа арналған автонесие бағдарламаларын әрі қарай жүзеге асырады. Сонымен қатар, енді жеке тұлғаларға лизинг арқылы көлік алуға мүмкіндік беріледі.
«Бұл шаралар азаматтардың көлік сатып алу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған», – делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы жеңіл автонесие мәселесін шешуді тапсырған болатын. Осыған байланысты кешке қарай Премьер-министр Олжас Бектенов шұғыл жиын өткізіп, тиісті шешім қабылдады.



